Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкімі тағайындалды

22 Сәуір 2025, 16:42
1032
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Жанасыл Шаукентаев Астана қаласы "Сарыарқа" ауданының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Лауазымға тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы