Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығынан ірі жол апаты болды. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 14 қаңтарда сағат 12:20 шамасында "Астана-Петропавл" тасжолында Жаңаталап ауылына жақын жерде 15 көлік соқтығысты. Жол апаты ауа райының қолайсыздығынан болған. Көліктер арақашықтықты сақтай алмаған.
Көлік жүргізушілері арақашықтықты сақтамауы салдарынан соқтығысқан. Зардап шеккендер және қаза тапқандар жоқ, - дейді полицейлер.
Кешеден бері полицейлер 600-ге жуық көлікті баратын жерге дейін шығарып салды.