"Астана-Петропавл" тасжолында автокөлік өртенді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар жанып жатқан көліктегі өртті жойған.
Шортанды кенті ауданындағы "Астана-Петропавл" республикалық маңызы бар автожолында жеңіл автокөліктің өртенуі орын алды.
Өрт сөндірушілер өртті шақырту сәтінен бастап 21 минут ішінде жойды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ азаматтарды сақ болуға шақырады. Автомобиль көлігінде төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.