Елімізде 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көлік министрлігінің ақпаратына сүйенсек, 62 бағыт бойынша тариф өседі. Оның ішінде Өскемен – Жалаңашкөл – Достық, Нұр-Сұлтан – Нұрлы жол – Өскемен, Алматы – Өскемен бағыттары бар.
62 маршрут – облысаралық қатынаста. Олар республикалық бюджеттен субсидияланады. Бұдан басқа, облыстық бюджет субсидиялайтын облысішілік қатынас та бар. Олар жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде, - делінген министрлік хабарламасында.