Интернет желісінде "Астана Опера" МОБТ спектакльдері мен концерттеріне жалған билеттер сату бойынша алаяқтықпен айналысатын сайт пайда болды.
Театрда https://astana-opera.kz/ жалған сайтынан билеттер алған елорда тұрғындары алаяқтардың құрбаны болғаны туралы хабарланды. "Астана Операның" басшылығы баршаны сақ болып, билеттерді тек театрдың http://astanaopera.kz/ ресми сайтынан сатып алуға шақырды, себебі сол билеттер ғана жарамды.
"Қазіргі уақытта орын алған жағдайды заң шеңберінде тұрақтандыруға бағытталған әрекеттер мен жалған сайттың иелерін анықтау бойынша шұғыл шаралар қабылдануда", - деп атап өтті театр дирекциясы.
Опера және балет өнеріне деген қызығушылық жыл санап артып, "Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының барлық қойылымдары үлкен аншлагпен өтетіндігін айта кеткен жөн.