Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды

16 Маусым 2024, 19:13
1370
Бөлісу:
Астана мен Сеул арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды

Қазақстан мен Оңтүстік Корея астаналары арасында тікелей әуе қатынасы қайтадан жанданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана-Сеул бағыты бойынша ұшуларды "Эйр Астана" әуе компаниясы аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) "Эйрбас-А321" үлгісіндегі әуе кемелері арқылы орындайтын болады.

Әуе маршрутты іске қосу Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады, - делінген ведомство хабарламасында.

15 маусым күні Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында тікелей әуе қатынасының ресми ашылу рәсімі өтті.

Ресми іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева, Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрғали Арыстанов, сондай-ақ Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісінің кеңесшісі Син Кюхо қатысты, - делінген хабарламада.

Биылғы ақпан-наурыз айларында екі елдің авиациялық билігінің келіссөздерінің нәтижесі бойынша Астана – Сеул бағыты бойынша әуе қатынасы қалпына келтірілді. Осы келіссөздер барысында екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру мақсатында шарттық-құқықтық базаны кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы