Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» ФК мен «Барыс» ХК ойындары кезінде елордада 12 Shuttle автобустың қозғалысы ұйымдастырылады. Бұл туралы елордалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
3 қазанда 20:50-ден 23.00-ге дейін «Астана Арена» стадионында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астана» мен Сербтің «Партизан» командалары арасындағы футбол матчы мен 19:30-ден 23.00-ге дейін «Барыс-Арена» спорт кешенінде «Барыс» пен «Торпедо НН» шайбомен хоккей ойынынан КХЛ Чемпионаты өтеді. Спорт жанкүйерлері үшін арнайы 12 Shuttle автобустардың қозғалысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Екі бірдей матчтың өткізілуіне байланысты, Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдары, Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы учаскесінде автокөлік кептелісі күтілуде. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері жолдарда кептелістің алдын алу шараларын ұйымдастырады.
Айта кетейік, аталған шараларды ұйымдастыру кезінде басымдық қоғамдық көліктерге беріледі. Спорт шаралары кезінде жанкүйерлерге сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін арнайы рейстер ұйымдастырылады. Олар № 10; 12; 28; 37; 40; 51; 53; 60; 801; 802; 803; 303. Сонымен қатар, қоымша 12 автобус-шатлдар ( «Бал бала» - №167 көше, ғм.5/1, «Көктем» СҮ- Бөгенбай батыр даңғылы. 34, «Аружан» СҮ - Жансүгіров к-сі, 8/1, г/м «Строймарт» - Қошқарбаев д-лы-Құдайбердіұлы). Матчқа барғысы келетін жолаушылар спорт кешендеріне сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін жоғарыда көрсетілген жерлерден жете алады.
Матчтар аяқталған соң жанкүйерлерге қайтуға автобустар ұйымдастырылады: Қабанбай батыр даңғылы жағынан «Астана - Арена», «Барыс - Арена» спорт кешендері қасындағы бірінші шеңберден.
Осыған орай, ұйымдастырушылар әуежай мен қала маңындағы елді мекендерге жетуді көздейтін жолаушылардан бағыттын алдын ала жоспарлауларын сұрайды.