Астана мен 8 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2 Сәуір 2022, 00:28
2114
Бөлісу:
Астана мен 8 облыста  ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, 2 сәуірде елімізде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Түнде және таңертең Нұр-Сұлтанда тұман түсіп, жолда көктайғақ болады. Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл ауданында – 17-22 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстікте екпіні 16 м/с жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанайда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді, күндіз батыста, оңтүстікте және Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрады. Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзен бассейндерінде оң ауа температурасының сақталуы мен одан әрі артуының болжамына байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағынының салдарынан өзендердегі су деңгейінің көтерілуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы