Астана, BAQ.KZ. Астана қаласының білім басқармасы Елорда мектептерде 6 ақпан күні сабақ болмайтынын хабарлады.
«06.02.2019 жылы ауа райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды» делінген басқарма хабарламасында.
Бұған дейін Қазгидромет Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын, күшті жел, ал оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ болатынын хабарлаған еді. Бірақ, қардан кейін Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35-45°С аяз тудыратын болады. Оңтүстік облыстарда да күн суытады. Мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22-30°С дейін төмендейді.
Сипоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде күн қатты суытып, ауа райы бұзылады. Қазірдің өзінде аязға байланысты Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жолдар жабылып, мектептерде сабақ тоқтатылды. Сонымен қатар Үкімет басшысы аязға байланысты ІІМ мен әкімдерге арнайы тапсырма берген болатын.