Астана маңындағы өртті 140 адам сөндіріп жатыр

19 Маусым 2023, 15:16
830
Бөлісу:
Астана маңындағы өртті 140 адам сөндіріп жатыр
Фото: Zakon.kz

19 маусымда Астана маңында құрғақ шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 15 га алаңдағы өртті сөндіріп жатыр.

Ведомствода атап өткендей, өртті сөндіруге екпінді жел кедергі келтіріп тұр. Оның үстіне жер батпақ болып, көліктер кіре алмай отыр.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 140 адамы және Төтенше жағдай департаментінің 12 техникасы, әкімдіктің сегіз суару машинасы және Астана орманның 10 техникасы жұмылдырылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы