Астана маңындағы айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

22 Шілде 2022, 18:10
1845
Бөлісу:
Астана маңындағы айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында және «QazAvtoJol» ҰК АҚ Ақмола облыстық филиалының мәліметіне сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолы 4 км республикалық маңызы бар автомобиль жолы (Р-10) күрделі құрылыс жұмыстарына байланысты жабылатынын мәлім етті. 

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 15 қазанына дейін теміржол желісін салумен, ұзындығы 2,6 км осы жол өтпесінің бойымен күрделі үлгідегі жол төсемесімен айналма жолды орындау жоспарланып отыр.

Астана маңындағы айналма жолдың бір бөлігі уақытша жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Астаналықтардан жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы