Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Бұл сұраққа қысқаша жауап берейін, олар халықаралық іздеуде. Олар интерполдың бақылауында бар. Бізде ұстап беру, экстрадиция барлық елмен жоқ. АҰШ-тың ГРЕКО ұйымына кірдік. Біздің келесі жоспарымыз жемқорлық жасаған адамдарды ұстап беру, қайтару бойынша шартты келісімге қол қоюды пысықтап жатырмыз. Интерполдағы тізімдегі адамдардың қабылдануы прокуратураның тізіміне жатады, - деді Ахметжанов.
Сондай-ақ брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов журналистердің сұрағына жауап беру кезінде жалақысы туралы айтты.
Мен осы қызметке тұрғанда да жалақымды айттым. Ол жасырын емес. Қазір менің жалақым 1 млн 200 мың теңгені құрайды, - деді ол.