Астана күні: Орталық әскери оркестр Есіл жағалауында марш-парад өткізді

Шеру барысында музыканттар «Алматы», «Амангелді» және «Қазақ маршы» шығармаларын орындады.

 Қорғаныс министрлігі Бүгiн 2026, 06:35
Бүгiн 2026, 06:35
216
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астана күніне орай Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік музыкалық бағдарлама ұсынды.

Мерекелік шара Кенесары хан ескерткішінен басталған марш-парадпен ашылды. Әскери оркестр Есіл өзенінің жағалауымен жүріп өтіп, Атырау көпірі арқылы Орталық саябаққа дейін жетті. Шеру барысында музыканттар «Алматы», «Амангелді» және «Қазақ маршы» шығармаларын орындады.

Орталық әскери оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі аға әскери дирижері, майор Нұрлан Кучкаровтың айтуынша, іс-шараның мақсаты – Астана күні мерекесіне ерекше атмосфера сыйлап, әскери оркестр өнерін және ұлттық музыкалық мұраны кеңінен насихаттау.

Марш-парадтан кейін Орталық саябақта плац-концерт (дефиле) ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында «Қазақ сувенирі» композициясы, қазақ халық әндері, Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары мен «Дос-Мұқасан» ансамблінің әндерінен попурри орындалды.

Көрермендер әскери оркестрдің өнерін жылы қабылдап, мерекелік бағдарлама Астана күніне арналған мәдени іс-шаралардың жарқын көріністерінің біріне айналды.

Наверх