Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» клубы Исландия құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырды.
28 жастағы Рунар Мар Сигурьонссон елорда клубына еркін агент ретінде ауысты. Ол соңғы үш маусымда Швейцария чемпионатында «Грассхопперс» және «Санкт Галлен» командалары сапында ойнаған. Сыр және сағат елдеріне дейін, Сигурьонссон Швеция, Голландия және Исландия чемпионаттарында өнер көрсетті.
Рунар өз елінің құрамасында 22 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Құрама сапында 2016 жылғы Еуропа чемпионатына қатысты.
Былтырғы маусымда орталық жартылай қорғаушы «Грассхопперс» үшін 16 ойын өткізіп, 5 нәтижелі пас шығарып берді.
«Астана» құрамына исландиялық еркін агент ретінде ауысады.