Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылында жекеменшік екі қабатты үйде ірі өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 17 ақпан күні сағат 19:50-де болған.
Өрт аумағы 240 шаршы метрді құрайды.Өрт сөндірушілер келгенге дейін үш адам эвакуацияланды, оның біреуі бала, өрт 22:45-те оқшауланып, 23:24-те сөндірілді. Өрттің неден шыққандығы анықталуда, – деп жазылған хабарламада.
Өртті сөндіруге жеке құрамның 18 адамы мен бес бірлік апаттық-құтқару техникасы жұмылдырылған.