«Астана» ФК қаржылық жағдайға және футболшылардың үндеуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

8 Қыркүйек 2026, 19:42
АВТОР
 instagram.com/fca.astana 8 Қыркүйек 2026, 19:42
8 Қыркүйек 2026, 19:42
238
Фото: instagram.com/fca.astana

«Астана» футбол клубы командадағы қаржылық жағдайға қатысты ақпараттың көпшілік назарына шығуына байланысты жанкүйерлеріне, серіктестеріне және футбол қауымдастығы өкілдеріне арнайы түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Клуб таратқан мәлімдемеге сәйкес, негізгі құрамдағы бірқатар футболшылар алдындағы жекелеген келісімшарттық міндеттемелер бойынша берешектің бар екені расталды. Осыған байланысты клубқа ұжымдық өтініш түскен.

Клуб басшылығы ойыншылардың бұл ұстанымына түсіністікпен қарайтынын жеткізді.

Қалыптасқан қаржылық қиындықтарға қарамастан, футболшылар мен жаттықтырушылар штабы ұзақ уақыт бойы өз міндеттерін толық атқарып, жаттығулар мен ресми матчтарға қатысып келеді. Олар алаңда «Астана» ФК мен елордамыздың намысын абыроймен қорғауды жалғастыруда.

Өз кезегінде Клуб команда мүшелерінің сабырлылығын, жоғары жауапкершілігі мен кәсібилігін жоғары бағалайды. Айтылғандай, қалыптасқан жағдай футболшылардың Клубқа, оның жанкүйерлеріне және алға қойған спорттық мақсаттарына деген адалдығына ешқандай күмән келтірмейді.

 

Наверх