Astana Finance Days форумы басталды

1 Шілде 2019, 11:37
2155
Бөлісу:
Astana Finance Days форумы басталды
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Astana Finance Days өз жұмысын бастады. Форум 4 күнге жоспарланған. 

Ертең форумның ең маңызды күні. Пленарлық отырыс өтеді. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп күтілуде. Тіпті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та келуі мүмкін. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумда соңғы 10 жылдағы қаржы секторында орын алған оқиғаларды сараптамақ. 

IMG_9296.jpg

Іс-шараның басты мақсаты – қаржы сферасындағы кәсіби мамандардың басын қосып, әлемдік және жергілікті қаржы нарығындағы өзекті тақырыпты талқылау. 

IMG_9257.jpg

Astana Finance Days саясаткерлер, бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер және ғалымдардың басын қосып отыр. Google, GARP, Citigroup, Bloomberg, Blackfort capital, Visa, Lykke  және басқа да әлемдік компаниялардың өкілдері бар. Жалпы, отандық және шетелдік 300-ге жуық маман тіркелген. Арасында Ұлыбритания, АҚШ, Үндістан, Катар, Сингапурдан келген қатысушылар бар. 

IMG_9286.jpg

Форумда EdTech Alley атты көрме ұйымдастырылған. Оған білім теxнологиясы саласындағы топ-20 компанияның өнімдері қойылған.

IMG_9339.jpg

Өзгелердің жаңалығы