Астана – есірткісіз қала: елорда тұрғындары салауатты өмір салтын қолдайды

9 Маусым 2024, 17:14
511
Бөлісу:
Астана – есірткісіз қала: елорда тұрғындары салауатты өмір салтын қолдайды

Нашақорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша кешенді жоспарды іске асыру аясында елордада “Астана – есірткісіз қала” ұранымен велошеру өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Велошеруге полиция департаментінің қызметкерлері, әкімдік, спорт секциялары мен жастар қозғалысының өкілдері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шарада 700-ге жуық адам бой көрсетті. Олар 10 шақырым қашықтықты бағындырды. Сапар барысында велошабандоздармен полицияның патрульдік көліктері және эскорд взводы ілесіп жүрді.

Велошеру нашақорлық мәселесіне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл – бүкіл қоғам үшін проблема. Онымен бәріміз бірге жұмыла күресуіміз қажет, – деді елордалық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев. 

Жыл басынан бері Астана полиция қызметкерлері заңсыз есірткі айналымынан жалпы салмағы 60 келіден астам есірткі затын тәркіледі.

Өзгелердің жаңалығы