Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Панелдік сессияның отырысында «Жасыл трансформация және климаттық күн тәртібінің дамушы елдерге тигізетін әсері» туралы тақырып талқыланып жатыр.
Пандемия әлемдік экономикаға айтарлықтай зиянын тигізіп, жасыл трансформация процесін баяулатты. Салдарынан әлемдік қауымдастық жаңартылатын энергия көздеріне көшуге қатысты жоспарын қайта қарастыруға мәжбүр болып отыр.
Бүгінгі таңда Еуразияның маңызды орталықтарында - Еуропа, Қытай және Үндістанда болған энергетикалық дағдарыс та мәселенің өзектілігін арттырып отыр.
Панельдік сессияда жаһандық деңгейде жоспарланған климаттық мақсаттар мен әлемдік экономиканы қалпына келтіру процесін қалай үйлестіруге болатыны сарапқа салынады.
Сессия спикерлері:
Урбан Руснак, Энергетикалық хартия хатшылығының Бас Хатшысы
Қайрат Келімбетов, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігінің Төрағасы, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы
Гидеон Рахман, Financial Times-тың халықаралық саясат бойынша бас шолушысы
Шикха Басин, Бағдарламалар директоры, Энергетика, Қоршаған орта мен Су жөніндегі Кеңес (CEEW)
Модератор – Кришна Кумар, RAND корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры