«Астана» Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды

9 Шілде 2019, 15:37
1790
Бөлісу:
«Астана» Чемпиондар лигасындағы жорығын бастайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, яғни 9 шілдеде «Астана» клубы Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде Румынияның ЧФР клубын қабылдайды.

ЧФР Клуж-Напоки қаласының командасы. Құрылғанына 1 ғасырдан асса да, ең ірі жетістіктеріне соңғы 10 көлемінде ғана қол жеткізе бастады. Румыния біріншілігінде ең алғаш 2008 жылы топ жарған. ЧФР-ге дейін 1991 жылдан бері Бухарест командалары ғана жеңіске жетіп жүрген. Сол сеңді бұзған осы ЧФР болатын. Одан кейін арасына жылдар салып, тағы 4 рет Румыния чемпионы деген атаққа қол жеткізді. Оның екеуін соңғы маусымдарда ұтқан.

Еурокубокта үш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан. Бірақ әзірге плей-оффқа жете алмай жүр. Есесіне, Еуропа лигасының плей-офф бәсекесінде ойнап көрген. Былтырғы жылы жергілікті Румыния басылымдары ЧФР Еуропа лигасының төртінші іріктеу кезеңінде Люкембургтың «Дюделанж» клубынан жеңілген кезде «клуб тарихындағы ең басты масқара жағдай» деп жазған болатын.

rM49m13Ue2g.jpg

ЧФР-дың қазіргі құрамын Transfermarkt, 25 миллион  еуроға бағалап отыр. Клубтың соңғы чемпиондық маусымында Бразилия құрамасы мен «Реалдың» экс-футболшысы Жулиу Баптиста өнер көрсеткен болатын.

Кеше өткен баспасөз мәжілісінде «Астана» командасының бас бапкері Роман Григорчук бұл матчқа жарақатына байланысты Марин Аничичтің қатыспайтынын айтты.

«Соңғы бірнеше ойынымыз өзіміздің деңгейге сай болған жоқ. Оның өзіндік себебі бар. Біз мұның себебін білемін. Қазіргі кезде қателіктермен жұмыс істеп жатырмыз. Ал команданың атмосфересына келсек, қазір бәрі осы ойынды ойлап жүр. УЕФА Чемпиондар лигасы қосымша эмоция сыйлайды», - дейді «Астана бапкері Роман Григорчук.

Айта кетейік, ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы