Астана-Бурабай автожолында ауа-райының нашарлауы нәтижесінде 500-ден астам автокөлік жиналды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
ТЖМ құтқарушылары алдын алу жұмыстарын жедел жүргізуінің арқасында 320 машинаны қайтаруға мүмкіндік туды.
Жүргізушілер мен жолаушыларды қолдау мақсатында трассада еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ыстық тамақ ұйымдастырылды. Жылыту пункттерінде 30 адам уақытша орналастырылған, олар да ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Шұғыл көмек көрсету және ақпаратты нақтылау үшін 112 нөмірі бойынша құтқару қызметіне хабарласу қажет.