Астана әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

5 Сәуір 2023, 10:37
679
Бөлісу:
Астана әуежайында жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: instagram.com/nqz_airport

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еске сала кетейік, былтыр күзде жаңбыр жауғанда елордалық әуежайдың жақында ғана жөнделген терминалының шатырынан су өткен болатын.

Осыған байланысты биыл мердігер «Mabco Constructions SA» құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындап, Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуір мен 1 маусым аралығында Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатын болады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - деп ескертті әуе айлағының әкімшілігі.

Өзгелердің жаңалығы