Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда Т1 терминалынан өтуге шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
Халықаралық әуежайдың ресми сайтындағы хабарламада Т1 терминалының шатырынан су кетуіне байланысты жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны айтылған.
Құрылыс компаниясы Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты 1 сәуір мен 1 маусымы аралығында Т1 терминалының алдынан өту кезең-кезеңімен шектелетін болады, – делінген хабарламада.
Әуежай жолаушыларға келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.