Астана әуежайы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

5 Шілде 2024, 01:18
540
Бөлісу:
Астана әуежайы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады
Фото: архив

Астана әуежайының басшылығы жолаушылардан алдын ала келуді сұрап өтініш білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі жолдардағы кептеліске байланысты Астана халықаралық әуежайының басшылығы жолаушыларға үндеу жасады.

Азаматтардан кідірістерді болдырмау және рейстерді жіберіп алмау үшін маршрутты алдын ала жоспарлау сұралды.

Құрметті жолаушылар! Жолдардағы кептелістерге байланысты рейске отыру үшін әуежайға алдын ала келуді ұсынамыз. Ықтимал кідірістерді ескере отырып, маршрутыңызды алдын ала жоспарлаңыз. Түсінгеніңіз үшін рақмет! – делінген хабарламада.

Айта кетейік, кейінгі апталарда Астанада көлік ағыны айтарлықтай артқан.

Өзгелердің жаңалығы