Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ИИДМ баспасөз қызметі Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы ауа райына қатысты ақпаратты жариялады.
2021 жылғы 10 наурызда сағат 10.00-де ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағының ілінісу коэффициенті 0,27-ге дейін төмендеді. Рейстерді орындау үшін ең төменгі норма - 0,35 болуы тиіс. Қазіргі уақытта реагентті пайдалана отырып, ұшу-қону жолағы тазартылып жатыр. Жолаушылардан өз рейстері туралы ақпаратты әуе компаниялардан нақтылап алуды сұраймыз. ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен әуе компаниялардың қызметінде ең бастысы - ұшу қауіпсіздігі, - делінген ведомство хабарламасында.