"Астана – Алматы" автожолын жөндеу жыл соңына дейін аяқталады - министрлік

20 Сәуір 2024, 20:25
607
Бөлісу:
"Астана – Алматы" автожолын жөндеу жыл соңына дейін аяқталады - министрлік
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин «Астана – Алматы» тас жолында реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерге барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Комитет төрағасы «Қарағанды – Балқаш», «Балқаш – Бурылбайтал» және «Күрті – Бурылбайтал» учаскелеріне инспекция жүргізді. Аталған жұмыстар барысында мердігер ұйымдардың өкілдерімен және қызметкерлерімен өндірістік кеңестер өткізіліп, жобаның қазіргі жағдайына қатысты маңызды аспектілер талқыланды.

Процестің тиімділігін арттыруға және ресурстарды оңтайлы пайдалануға бағытталған шешімдердің бірі — «Астана – Алматы» автомобиль жолының бойындағы реконструкциялау жұмыстарымен қамтылып жатқан учаскелерінде екі ауысымдық жұмысты енгізу болды.

Сондай-ақ жол төсемін, жол-құрылыс техникасының жұмысын, реконструкциялау учаскелеріндегі құрылыс материалдарының дайындалуы мен сапасына тексеру жүргізілді. Нәтижесінде жүргізіліп жатқан жұмыс барысында нақты тапсырмалар мен құрылыстың нақты әдістерін қолдану тұжырымдалды. 

Негізгі мақсат – «Астана – Алматы» автомобиль жолын реконструкциялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау.

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда «Астана – Алматы» тас жолын реконструкциялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға 2100-ден астам техника мен 2000-нан астам адам жұмылдырылған.

Өзгелердің жаңалығы