Астана әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша көшбасшы атанды

Бүгiн, 08:12
189
Бөлісу:
Астана әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша көшбасшы атанды
Фото: BAQ.KZ архив

2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елорда әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Негізгі көрсеткіштерді талдау экономиканың түрлі секторларында тұрақты өсуді және стратегиялық бастамаларды тиімді іске асыруды айғақтайды. Жұмыспен қамту деңгейі, инвестиция көлемі және инфрақұрылымды дамыту сияқты барлық негізгі көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды

Бірінші жартыжылдықтағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112% құрады. Өнеркәсіп саласында да айтарлықтай өсім байқалады: өнім көлемі 13,1 пайызға артып, 1 трлн теңгеден асты. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім - 16,5%.

Кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі байқалады. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері 6,5 пайызға артты, салада 234 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Елорда экономикасына инвестициялардың өсуі байқалады. Ол 13,2 пайызды құрап, 632 млрд теңгеге жетті. Жеке инвестициялар 13,9 пайызға өсті, бұл қаланың инвестициялық климатына деген сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Бөлшек тауар айналымының көлемі 1 трлн 114 млрд теңге, бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 7 пайызға көп.

Аталған көрсеткіштер елорданың дамуындағы оң үрдістерді көрсетеді және одан әрі стратегиялық жоспарлау мен қаланың орнықты дамуы бойынша негізгі міндеттерді іске асыру үшін негіз болады.

Өзгелердің жаңалығы