Астана әкімі құрылысы ұзаққа созылған мектептің қашан тапсырылатынын айтты

29 Қаңтар 2024, 18:42
696
Бөлісу:
Астана әкімі құрылысы ұзаққа созылған мектептің қашан тапсырылатынын айтты
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram аккаунтында «Кирпичный» тұрғын алабындағы мектеп құрылысы туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірқатар нысанның, соның ішінде «Кирпичный» тұрғын алабындағы мектептердің құрылыс барысымен таныстым. Бұл тұрғын алабында 1966 жылы салынған жалғыз мектеп (Қамысты көшесі, 7, Байқоңыр ауданы) болды. Оқу орны апатты деп танылғандықтан, ол 2021 жылы демрнтаждау жұмыстары басталды.

Жаңа мектеп құрылысының қарқыны баяу болды, тіпті бір кездері тоқтап қалды. Осы жылдар ішінде оқушылар басқа мектепке баруға мәжбүр боп жүр. «Кирпичный» тұрғын алабында салынып жатқан мектеп құрылысы қайта басталды. Барлық мәселелер шешілді. Осы мектептің құрылысын биылғы көктемде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша, «Кирпичный» тұрғын алабының өзінің жайлы мектебі болады, - деп жазды ол.

Биылғы оқу жылында біз 11 мектеп салып, пайдалануға берілді. 

Оқу жылының соңына дейін тағы 4 мектепті ашамыз. Олар Қарасай батыр және Бұланты көшелері, Қамысты көшесі, 7, Қабанбай батыр даңғылы, 9/1, Таха Хусейн көшесі 5/1 бойында орналасатын болады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асырамыз. Жоба аясында 2024-2025 жылдар аралығында 90 мыңға жуық орындық (2 ауысымдық) жаңа форматтағы 24 мектеп саламыз. Олардың 15-і қарқынды дамып келе жатқан Нұра мен Есіл аудандарында орналасатын болады.

2027-2028 жылдарға дейін 200 мыңға жуық орындық (2 ауысымдық) 80-нен аса мектеп салуды жоспарлап отырмыз, - деп жазды елорда әкімі.

Өзгелердің жаңалығы