Астана әкімі Моңғолияның вице-премьер-министрімен кездесті. Тараптар бірқатар облыстардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу туралы Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында айтып берді.
Моңғолияның вице-премьер-министрі Сайнбуянгийн Амарсайхан, еліміздегі Моңғолияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Доржийн Баярхуу және т.б. кездесу өткіздік. Білім, мәдениет, сауда, экономика, туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ инвестициялық климатты жақсарту шараларын және т.б. талқыладық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала мен еліміздің экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға жағдай жасап, инвесторларға жан-жақты сервистік қолдау көрсетудеміз. Мәселен, 2020 жылы елорда экономикасына 1,1 триллион теңгеден астам жеке инвестиция тартылса, 2021 жылы 1,2 триллион теңгеден астам тартылды. Ағымдағы жылдың 9 айында шамамен 900 млрд теңге. Бірінші кезекте тұрғындар мен қалаға қажетті жобаларды қолдаудамыз, – деп жазды елорда әкімі.