Астана әкімі азаматтарды қабылдады

17 Шілде 2024, 10:36
425
Бөлісу:
Астана әкімі азаматтарды қабылдады
PHOTO
Фото: Елорда әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелер туралы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімі азаматтарды қабылдады

«Amanat» партиясының елордалық филиалы базасында азаматтарды қабылдадым. Қабылдауда тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік нысандар салу, медициналық және әлеуметтік көмек, абаттандыру және т.б. мәселелерді көтереді. Мәселен, тұрғын үй мәселесі бірнеше бағыт бойынша жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтқанда, кезекте тұрғандарға арналған әлеуметтік пәтерлердің құрылысы, апатты жағдайдағы және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерін аяқтау, үйлерді жөндеу. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар (мектептер, спорт және медицина нысандары) құрылысының көлемі ұлғайды. Сол сияқты биыл 170-ке жуық аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырамыз. Олардың бір бөлігі қазірдің өзінде аяқталды. Азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселелерді шешу барысын бақылауда ұстаймыз, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі азаматтарды қабылдады
Өзгелердің жаңалығы