Астана әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды

13 Қараша 2023, 20:36
855
Бөлісу:
Астана әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақпаратты Антикордың баспасөз қызметі растады.

Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Сот санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген Антикор баспасөз қызметі мәлімдемесінде.

Елордалық соттың баспасөз қызметі 2023 жылдың 11 қарашасында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктінің үстінен екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы