Астана әкімдігі «Дублин» тұрғын үйінің сүрілуіне қатысты мәлімдеме жасады

21 Сәуір 2023, 19:10
978
Бөлісу:
Астана әкімдігі «Дублин» тұрғын үйінің сүрілуіне қатысты мәлімдеме жасады
VIDEO
Фото: dom.kz

Астана қаласы әкімдігі ​​G-park мердігер компаниясы салған «Дублин» және «Вашингтон» тұрғын үй кешендеріне қатысты ресми ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдік хабарлауынша, «Дублин» тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. 

Ш.Айтматов пен Ж.Молдағалиев көшелерінің қиылысындағы жер алдын ала анықталып, жылу трассасының құрылысына бөлінген. Осыған байланысты бұл учаскедегі құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Орнатылған қадалар демонтаждалып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады. Құрылыс компаниясымен шарт жасаған азаматтардың мүдделері сақталып, әркім өз пәтерлерін алатын болады. "Вашингтон" тұрғын үйі бойынша - құрылыс компаниясына жіберілген ақауларды жойып, барлық қажетті рұқсат құжаттарын ресімдеу тапсырылды, - деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Еске салсақ, кеше «Дублин» тұрғын үй кешенін сүру кезінде құрылыс алаңында келеңсіз оқиға орын алды. Құрылыс алаңындағы құрылысшылар мен үйді сүруге келген жұмысшылар арасында кикілжің пайда болып, салдарынан бір құрылысшы экскаваторға отырып алып,  бульдозерді аударып тастады.

Өзгелердің жаңалығы