Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ассамблея Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларға дайын

Олжас АДАЙ
24 Сәуір 2025, 16:01
1516
Бөлісу:
 1show.kz
Фото: 1show.kz

Тележүргізуші Ольга Спирина Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында көтерілген бастамаларға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда Ассамблея ол жай ғана ұйым емес. Ол қоғамдық өмірдің әр саласына енген инфрақұрылым. Сондықтан Ассамблея мүшесі ретінде Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың ұсынған бүкіл бастамаларын қолдауға әрі жүзеге асыруға дайын екенімізді айтамын. Мұның бәрі - ел бірлігін нығайтуға бағытталған бастамалар. Ал арандатушылық әрекеттердің жолын кесіп, елді ынтымақ-бірлікке бастар шараларға әркез дайынбыз, - дейді Ольга Спирина.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясының пленарлық отырысы өтті. Онда сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблея ұйымдарының ендігі мақсатын атап көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы