Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды

19 Қазан 2023, 12:07
1001
Бөлісу:
Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Елордада өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арнап ескерткіш ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанада Құтқарушылар күніне орай Асқар Забикулинге арнап Керей Жәнібек хандар көшесінде орналасқан №6 өрт сөндіру бөлімінде ескерткіш ашылды. Сондай-ақ, бөлімге батырдың есімі берілді. Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек және Асқар Забикулиннің туыстары мен әріптестері қатысты.

Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды

Асқар Забикулин адамдарды қорғауда өзінің өмірін қиды. Қатарда тұрған біздің Асқар Забикулиндей азаматтарымыз жасай берсін. Асқар Забикулиннің ерлігі өшпесін. Біздің жастар, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар одан үлгі алып, патриоттық сезімі оянып тек қана өз қызметін жоғары деңгейде атқаратынына сенімдімін. Асқар Забикулиннің қандай ерлік жасағанын ешқашан ұмытпаймыз. Асқардың аты ешқашан өшпейді. Әрбір адамның, әрбір құтқарушының жүрегінде болатын есім,-деді министр.

Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Асқардың ерлігіне тоқталып, батырдың есімі ешқашан ұмытылмайтынын жеткізді.

Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды

Асқар батылдықпен, өжеттілікпен өз ісіне адалдықты көрсеткен шын патриот. Адамдар өмірін құтқарамын деп отқа түскен бүгінгі күннің батыры. Асқар Забикулиннің құрметіне елордада көше аты берілді. Құтқарушылар саябағында мемориалдық тақта орнатылды. Енді бүгін Астананың ортасында ескерткіш-бюст ашылып, өзі қызмет еткен өрт сөндіру бекетіне есім берілуде. Асқар Забикулиннің есімі мәңгі біздің жанымызда, жүрегімізде болады. Батырлардың ардақты есімі еш уақытта ұмытылмайды, - деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек.

Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды

Ескерткіш Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жасалған. Ескерткіш тақтаны жасауға 1,5 ай уақыт кеткен.

Бұл жұмыс Тек Асқар емес жалпы батырлардың символы сияқты. Бұл мүсінді қиын қызметте істеп, соны атқарып жүрген біздің ерлеріміз, батырларымызға арналған деп түсінеміз. Жұмыстың өзі жартылай фигура. Мүсін Асқар Забикулиннің бүкіл мінезін, ерлігін көрсетіп тұр. Көп ақпарат іздендік. Фотоларын көріп, бірге жұмыс істеген әруптестерінен сұрадық. Батылдығын көрсету үшін кішкене кеудесін ашып, көкірегін керіп тұрғанын көрсеткіміз келді,- дейді мүсінші Тимур Ермұхаметов.

Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды

Айта кетейін, 2022 жылғы 16 қарашада Астана қаласында көпқабатты үйдің бірінде өрт шығып, адамдарды құтқару кезінде Асқар Забикулин алған күйіктерінен 20 қарашада ауруханада көз жұмған еді. Қайтыс болғаннан кейін I дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жыл Батыры» номинациясы бойынша «Алтын Адам» сыйлығымен марапатталған. Елорда көшелерінің біріне Асқар Забикулиннің есімі берілді. Сондай-ақ, өрт сөндірушіге арналған жаңа мурал пайда болды.

Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды
Асқар Забикулинге арнап ескерткіш орнатылды

 

Өзгелердің жаңалығы