Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Асқар Жеңісұлы Шоқыбаев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
1974 жылы дүниеге келген. 1996 жылы «Шығыстану» мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастады. Әр жылдары «Қазақойл», «Қазақтелеком», «ҚазТрансГаз» ұлттық компанияларында, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2008-2012 жылдар аралығында Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулы, ал 2012-2014 жылдары - Қазақстанның Дубайдағы бас консулы болды.
ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін 2014 жылдан бастап Қазақстанның Катар мемлекетіндегі елшісі қызметін атқарды.
Екінші сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломаттық дәрежесіне ие. Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.