Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

2 Мамыр 2019, 20:36
3838
Бөлісу:
Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі «Еуропа дәмін сезін» атты кітаптың тұсауын кесті. Еуропа күні қарсаңында жарық көрген кітап еуропалықтардың сүйікті тағамдарын бірге даярлап, дәмін көруге шақырады. 

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

«Еуропа дәмін сезін» кітабы Еуропалық Одаққа мүше 28 мемлекеттің дәстүрлі тағамдарынан тұрады. Кітапты Қазақстандағы Еуропалық Одақтың қызметкерлері мен «Магия кухни» телеарнасының бас аспазшысы, тележүргізушісі Талғат Ақбергенов, сондай-ақ талантты иллюстратор Аля Шарипова жұмыс жасады. Кітаптың мазмұны әлемнің кез келген түкпірінде әртүрлі мәдениет өкілдері әзірлей алатындай бейімделіп жасалған. Сондай-ақ, оқырмандар осы еңбектен ингредиенттерді алмастыру мен тағамды түрлендіру бойынша қосымша кеңестер таба алады.

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

Кітаптың ресми тұсаукесеріне Қазақстандағы Еуропалық Одақ елшісі Свен-Олов Карлссон қатысты. Ол Еуропаның ғасырлар бойы таңғажайып аспаздық әсерлер лабораториясына айналғанын жеткізді. 

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

«Еуропаның аспаздық мұрасы – мәдени сан-алуандылықтың бірегейлігі мен байлығын түсінудің кілті бола білді. ЮНЕСКО Еуропаның гастрономиялық мұрасын мәдени өзгешелік ретінде толық мойындады. Расында, еуропалықтар мен қазақстандықтар үшін ас өмірдің маңызды бір бөлігін анықтайтын, бәрімізді бірге біріктіретін компонент. Дұрыс жазылған кітап сіздерге жөн сілтеп қана қоймай, отбасылық альбомға да айналуы мүмкін. Аталмыш кітап Қазақстан халқының қонақжайлығына алғыс ретінде, сондай-ақ еуропалық көршілері туралы жаңа мағұлмат алуға шақыру мақсатында жарық көріп отыр», - деп атап өтті елші.

Сөз алған кітап авторы, бас аспаз Талғат Ақбергенов сенім артқан Еуропалық Одаққа, кітапты шығаруға атсалысқан командаға алғысын білдірді. 

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

«Бұл кітап бас аспазға ғана емыс, тамақ әзірлеуде икемі болмаса да қарапайым адамдарға дейін түсінікті. Жасөспірімдерге де қызықты болады. Оларға тамақ дайындауды жақсы көруге әсер ете алады. Мен бұл кітапты Еуропаға ашылған есік деп білемін. әр адам Еуропа тағамдарын үйінде дайындау арқылы сол елдерге саяхаттай алады. Еуропа дәмі көп ғасырлық тарихқа, дәстүрге ие. Бұл Еуропа елдері туралы кулинарлық-географиялық еңбек. Үйлеріңізде міндетті түрде дайындаңыздар», - деп айтты Ақбергенов. 

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

Ол кітапты шығару үлкен жауапкершілік екенін, оны әзірлеу барысында әр елдің тағамдарының ингредиентін ғана емес, дайындау технологиясын, тарихын зерттегенін айтты. 

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

«Біздің гастрономиялық мәдениет жаңа дәмдер мен үйлесімдерге ашық. Меніңше, "Еуропа дәмі" Еуропалық Одаққа мүше 28 мемлекеттің бәріне жасалған аспаздық саяхатпен тең" - деді ол.

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

Кітапты дайындауға жарты жыл кеткен. Барлық рецептілер Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттермен ұсынылған. Кітаптың электрондық нұсқасы Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің ресми сайтында 3 мамырдан бастап қолжетімді болады. Кітап 2000 дана шектелген тиражбен жарық көрді. Ұйымдастырушылар сұраныс болып жатса қайта басып шығу ойда бар екенін айтты. 

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

Кітаптың тұсаукесерінен соң бас аспаз қонақтарға Дания тәттісі «Эблекейе» алма трайфлын дайындау әдісін көрсетті. 

Қазақстандық аспаздың «Еуропа дәмін сезін» кітабы жарық көрді

Қонақтар қол қусырып қарап тұрмай, аспазға көмектесті. Соңында дайын болған тәттіден дәм татып, бағасын берді.

Өзгелердің жаңалығы