Аспан бәріне ортақ емес: кәсіпкер рұқсатсыз ұшқаны үшін жазаланды

Кеше, 18:18
193
Бөлісу:
Аспан бәріне ортақ емес: кәсіпкер рұқсатсыз ұшқаны үшін жазаланды
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

"Достық" көлік прокуратурасы SKYPPER 912 дельтапланы иесінің әрекетінде бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, ол ешбір рұқсатсыз демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуды ұсынған. Прокуратураның бастамасымен Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесі қаралды.

Сот дельтаплан иесін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 563-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тапты. Оған 55 380 теңге айыппұл салынып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіленді, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында Алакөл көлінде аталған дельтапланның қатысуымен апат орын алып, соның салдарынан екі адам жарақат алған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Өзгелердің жаңалығы