Асхат Аймағамбетовті Сербияның білім министрі өз еліне шақырды

19 Ақпан 2020, 18:32
1514
Бөлісу:
Асхат Аймағамбетовті Сербияның білім министрі өз еліне шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Білім, ғылым және технологиялық даму министрі Младен Сарцевичпен кездесті

Кездесуде Қазақстан мен Сербия арасындағы ғылыми-академиялық, сондай-ақ цифрландыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқыланды.

Атап айтқанда, тараптар екі ел министрліктері арасында ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қою, жоғары оқу орындарының байланыстарын нығайту бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткізді.

М.Сарцевич Қазақстан Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовке ыңғайлы уақытта Сербияға сапармен келіп, қызығушылық танытатын бағыттарда пікір алмасуға шақырып, тиісті хатты дипломатиялық арналар арқылы жақын арада жолдайтынын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы