Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әскерилерге жақын туыстарынан үйді жалға алуға тыйым салынбақ

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
28 Мамыр 2025, 13:07
1384
Бөлісу:
 depositphotos
Фото: depositphotos

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдерін жеке депозиттік шотқа аударуға тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Енді тұрғын үй төлемдерінің шектік сомасы 90 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй алаңының көлемімен есептеледі. Жалға алу төлемдері 8 жылға дейін ғана беріледі. Бұл ретте мүлікті қызметкердің өзінің және оның жұбайының жақын туыстарынан жалға алуға тыйым салынады. Ал жалдау шартын уәкілетті органда міндетті мемлекеттік тіркеуден өткізуі керек. Ай сайынғы тұрғын үй төлемдерінің көлемі ипотекалық негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерде беріледі.

Егер ерлі-зайыптылардың екеуі де қызметкер немесе әскери қызметші болса, онда тұрғын үй төлемдері олардың біреуіне ғана таңдау бойынша төленеді. Төлемдерді үйді жөндеуге пайдалану мүмкіндігі алынып тасталады. Осылайша, тұрғын үй төлемдеріне шығыстарды оңтайландыру арқылы 26 млрд теңгеден астам қаржы үнемделеді. Аталған түзетулер тек 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысқа қабылданған қызметкерлер мен әскери қызметшілерге қатысты болады.

Өзгелердің жаңалығы