Әскерилер арасында қазақ күресінен әлем чемпионатына дайындық талқыланды

12 Маусым 2024, 21:29
481
Бөлісу:
Әскерилер арасында қазақ күресінен әлем чемпионатына дайындық талқыланды
Фото: Қорғаныс министрлігінен

Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен әлем чемпионатына дайындық талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс ведомствосына халықаралық әскери спорт кеңесі (CISM) күрес жөніндегі спорт комитетінің президенті майор Насер Хассани келді.

Халықаралық ұйымның өкілімен Қорғаныс министрлігі аппаратының басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы және Спорт комитетінің төрағасы полковник Арман Әбеуов кездесті.

79-шы Бас ассамблея мен СІЅМ Конгресінің отырысында Қазақстан Қорғаныс министрінің дүниежүзілік ЮНЕСКО ұйымының Мәдени мұра тізіміне енгізілген қазақ күресінен жарыстар ұйымдастыру туралы бастамасы айтылып, 2025 жылы елімізде спорттың осы түрінен әскери қызметшілер арасында алғашқы әлем чемпионатын өткізу ұсынылған болатын.

Осыған орай Халықаралық әскери спорт кеңесі күрес жөніндегі спорт комитетінің президенті майор Насер Хассани халықаралық ұйым аясында әскери қызметшілер арасында алғашқы әлем чемпионатын өткізу мүмкіндіктерін зерделеу мақсатымен Қазақстанға келді.

Кездесу барысында тараптар әлем чемпионатын ұйымдастыру мәселелерін талқылап, әріптестікті нығайтуға және әскери спорт дәстүрлерін арттыруға өзара жәрдемдесуге ниет білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, CISM – әлемнің 140 елінің әскери қызметшілерін біріктіретін ең ірі пәнаралық спорттық ұйымдардың бірі. «Спорт арқылы Достық» ұранын ұстанатын ұйым бейбітшілікті нығайту құралы ретінде спорттың дамуына ықпал етіп келеді.

Өзгелердің жаңалығы