Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің басшылығы түріктің «Otokar» компаниясының өкілдерімен кездесті.
Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөздер барысында Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында әскери ведомство отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен өзара қарым-қатынас жасай отырып, әскерлерді техникалық қайта жарақтандыру шараларын қабылдап жатқанын атап өтті.
«Otokar» компаниясының өкілдері әскери және азаматтық секторларда Қазақстан-Түрік бірлескен кәсіпорындарын дамыту мақсатындағы ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.
Тараптар Қазақстанның қорғаныс ведомствосы мен әскери техника өндірушісі арасындағы өзара қарым-қатынас жөнінде пікір алмасты.