Әскери қызметшінің тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қалпына келтірілді

Кеше, 20:20
214
Бөлісу:
Әскери қызметшінің тұрғын үй төлемдерін алу құқығы қалпына келтірілді

Әскери қызметші мемлекеттік органның өзі мен отбасы мүшелерін тұрғын үй кезегінен алып тастау жөніндегі әрекетін даулап, жалға алған тұрғын үй оның жеке меншігі емес екенін атап көрсеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Жергілікті соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, тұрғын үйді сатып алу шартының бар екендігіне сүйеніп, сол арқылы арызданушы өзінің тұрғын үй құқығын пайдаланып, тұрғын үйге мұқтаж ретіндегі мәртебесін жоғалтқан деген себеп келтірген.

Жоғарғы соттың сот алқасы бұл тұжырымдармен келіспеді, осы ретте арыз берушінің тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілер санатына жататынын, өйткені жалға берілетін тұрғын үйдің болуы әскери қызметшілерді кейіннен сатып алу арқылы жалдау ақысын төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін тұрғын үй мәртебесінен айырмайтындығын уәждеген, - делінген хабарламада.

Осылайша, іс бойынша арыз беруші жалға алынған тұрғын үйдің меншік иесі болып табылмайтыны, баспана оған сатып алу шарттарымен уақытша иеленуге берілгендігі анықталды.

Жергілікті соттардың сот актілерінің күші жойылды, арызды толық көлемде қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарылды.

Жоғарғы сот мемлекеттік органның тұрғын үй комиссиясының арыз берушіні есептен шығару туралы шешімін заңсыз деп танып, жіберілген бұзушылықтарды түзетіп, әскери қызметшінің тұрғын үй төлемдерін алу құқықтарын қалпына келтіруді міндеттеді. Мемлекеттік қорғаныс органынан арызданушының сот шығындары өтелді.

Өзгелердің жаңалығы