Әскери қызметшілер гуманитарлық құқық стандарттарын меңгеруде

21 Қазан 2024, 19:16
406
Бөлісу:
Әскери қызметшілер гуманитарлық құқық стандарттарын меңгеруде
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бітімгерлік операциялар орталығында әскери қызметшілер гуманитарлық құқық стандарттарын меңгеруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің сарапшыларымен бірлесіп әзірленген курс гуманитарлық құқық негіздерін, жанжалдасқан тараптардың құқықтары мен міндеттерін, бейбіт тұрғындарды, мәдени нысандар мен медициналық мекемелерді қорғауды қамтиды.

Аталмыш курсқа Қарулы күштердің, ҰҚК Шекара қызметінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің әскери қызметшілері және Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қатысуда.

Курс бағдарламасы озық білім мен тәжірибеге қол жеткізуге арналған. Бұл әскери қызметшілерге халықаралық гуманитарлық құқық қағидаттарын тереңірек түсінуге, қарулы қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындардың құқықтарын сақтап, қорғау мәселелерінде олардың құқықтық хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.

Оқытудың маңызды құрамдас бөлігі – интерактивті, практикалық сабақтар. Бұл сабақтардың барысында қатысушылар кейстерді шешеді және нақты жағдайда кездесетін сценарийлерді модельдейді, – деді курс жетекшісі офицер-оқытушы майор Марат Тастанов.

Қазіргі бітімгерлік операцияларда халықаралық құқық нормаларын білу гуманитарлық тәуекелдерді азайтуға көмектеседі, зорлық-зомбылықтың өршу ықтималдығын азайтады, бейбіт тұрғындар мен әскери тұтқындарға адамгершілікпен қарауға ықпал етеді.

Курсты ұйымдастыру жөніндегі бастама Қазақстанның бітімгерлік қызмет саласындағы халықаралық нормалар мен стандарттарға бейілділігін көрсетеді. Жаһандық тұрақсыздық ахуалында гуманитарлық құқық қағидаттарын білу әскери адамдар үшін ғана емес, бейбітшілікті қамтамасыз етуге қатысатындар үшін де маңызды факторға айналып отыр, – деп атап өтті Қазақстандағы Халықаралық Қызыл Крест комитеті миссиясының басшысы Серік Сағымбаев.

«Қарулы қақтығыстар құқығы» курсы – бітімгерлердің құқықтық мәдениетін дамытуға қосқан елеулі үлесі. Курс аяқталғаннан кейін оған қатысушыларға сертификаттар береді.

Өзгелердің жаңалығы