Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

29 Мамыр 2025, 09:12
501
Бөлісу:
PHOTO

29 мамыр – қақтығыстарды реттеуге және барынша қауіпсіздікті қолдауға, бейбітшілікті құруға елеулі үлес қосатын БҰҰ-ның халықаралық бітімгерлер күні. деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазақстандық әскери қызметшілердің әлемдегі бейбітшілікті қолдауға қатысу тәжірибесі 2003 жылдың тамызында бірінші инженерлік-саперлік "Қазбат" жасағының құрылуынан бастау алады.

Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

Қазақстан үкіметінің БҰҰ-мен бітімгерлік желісі бойынша өзара іс-әрекеті 2014 жылы Қарулы күштердің алғашқы әскери қызметшісін Батыс Сахарадағы Ұйымның әскери бақылаушысы ретінде жіберген сәтінен басталды.

Осы кезден бастап қазақстандық бітімгерлер Ливан, Батыс Сахара және Кот-д'Ивуар сияқты әлемнің әртүрлі өңірлерінде қызмет етті. 2024 жылы Қазақстан БҰҰ-ның Африка мен Таяу Шығыстағы миссиясына қосымша әскери қызметшілерді жіберді. Әсіресе Орталық Африка Республикасындағы, Малидегі және Конго Демократиялық Республикасындағы миссиялар күрделі болды.

Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

Қазақстан ТМД-да БҰҰ-ның Голан жоталарында қызмет етуге дербес мандат алған алғашқы және әзірге жалғыз ел болып табылады. Бүгінде біздің 139 әскери қызметшіміз қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау жөнінде маңызды міндеттерді орындап жүр.

Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

Ұйымның бітімгерлік контингентін өз бетінше орналастыру туралы шешімі нормативтік базаны дамыту және әскери қызметшілерді даярлауды жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыстың логикалық нәтижесі болды. Бұл үдерісте бітімгерлерді құқықтық, гуманитарлық, тілдік және психологиялық даярлаумен қатар, жан-жақты оқытумен қамтамасыз ететін Алматы қаласында Бітімгерлік операциялар орталығын құру шешуші рөл атқарды.

Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып қана қоймай, еліміздің жаһандық аренадағы рөлін арттыруға ықпал етеді. Бұл оған қоса қазақстандық әскери қызметшілерге құнды жауынгерлік тәжірибе жинақтауға, кәсіби даярлықты жетілдіруге және көпұлтты ортадағы іс-қимылдарға бейімделуге мүмкіндік береді.

Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық бітімгерлер күні – қаза тапқандарды еске алып, БҰҰ-ның әлемдегі бейбітшілікті сақтау жөніндегі бітімгерлік операцияларының құрамында қызмет еткен һәм қызмет етуді жалғастырып келе жатқан адамдарға құрмет көрсететін күн.

Әскери қызметшілер БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты
Өзгелердің жаңалығы