Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында ТЖД және 20982 әскери бөлімі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгетті нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.
Тәулігіне 1750 қап және 215 тонна инертті материалдар төселді. ТЖД және ҚР 20982 әскери бөлімі жұмыс жасауда.