Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қарулы күштердің әскери инженерлері Ақтөбе облысы Ойыл өзені арқылы адамдарды, жануарларды, гуманитарлық жүктерді және техниканы тасымалдау үшін паром өткелін жабдықтады.
60 тоннаға дейін жүк көтере алатын өткелді Қонаев гарнизонының инженерлік-саперлік полкінің мамандары қамтамасыз етеді.