Әскери-ғылыми конференцияда ақпарат қауіпсіздігінің мәселелері қозғалды

5 Қыркүйек 2022, 21:32
940
Бөлісу:
Әскери-ғылыми конференцияда ақпарат қауіпсіздігінің мәселелері қозғалды

Қазақстандық делегация Мәскеуде өткен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі әскери-ғылыми конференцияға қатысты. «Әскери салада ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы бұл шара ҰҚШҰ Біріккен штабында өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰШҚҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары және құралымдарын бірлесіп даярлаудың 2022 жылға арналған жоспарында әскери-ғылыми конференцияны өткізу регламенттелген. 

Іс-шараға ҰҚШҰ-ға мүше елдер қорғаныс ведомстволарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласының мамандары, базалық оқу-әдістемелік ұйымдардың, Хатшылық пен Біріккен штабтың өкілдері қатысты. 

Қазақстандық делегацияны Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің бастығы полковник Ильнур Бисембаев басқарып барды. 

Ол сөйлеген сөзінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен семинарлар, технологиялық жаттығулар, оқу-жаттығулар, зертханалық жұмыстар түрінде практикалық және техникалық бағыттағы бірлескен іс-шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ақпарат қауіпсіздігіне қатысты барынша өзекті қауіп-қатерлер мен оларға қарсы іс-қимыл шаралары туралы мәлімет алмасуды тұрақты түрде іске асыруды жолға қойған жөн деді.

Пленарлық отырыста конференцияға қатысушылар ақпарат  қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатер төңірегіндегі мәселелерді де қарастырды. Одан өзге ұлттық қарулы күштерде ақпараттың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жайлы тәжірибе жинап, пікір алмасты. 

Конференцияның нәтижелері бойынша қатысушылар әскери салада ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса өзекті екенін атап өтіп, өзара іс-әрекетті жетілдіру жөнінде ұсыныстар пысықталды.

Өзгелердің жаңалығы