Әскери-дәрігерлік сараптамаға өзгерістер енгізіледі

31 Қаңтар 2024, 18:57
7584
Бөлісу:
Әскери-дәрігерлік сараптамаға өзгерістер енгізіледі
Фото: BAQ.KZ -архив

Әскери-дәрігерлік сараптама туралы қағидалар мен ережеге өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы» ҚРҚорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.

Нормативтік құқықтық актіде авиациялық персоналды, әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды, жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақыру кезінде, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында әскери міндеттілерді медициналық куәландыру тәртібіне қатысты өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметке және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді медициналық куәландыру тәртібін оңайлату көзделген.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 12 ақпанына дейін танысуға болады.

Өзгелердің жаңалығы