Әскери бөлімнің құтқару тобы Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
8 сәуір күні 52859 әскери бөлімінің жиынтық құтқару тобы Ақмола облысы Целиноград ауданының Шұбар, Қажымұқан елді мекендерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілді, - делінген ведомствоның хабарламасында.
Жиынтық құтқару тобының күшімен үйлерге, көшелер және ауылдарға жақын жерде бөгет құрылыстары салынуда.