Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әскерге күштеп алып кетпес үшін не істеу керек? – министрлік жауабы

Олжас АДАЙ
5 Маусым 2025, 12:44
2513
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Әр азаматқа әскерге шақырту келсе, әскери басқармаға келуі керек. Бұл туралы Сенат кулуарында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң аясында бәрі орындалуы керек. Егер азаматқа шақырту SMS-сі келсе, "военкоматқа" міндетті түрде бару керек. Кейін басқа жұмыстары шешіледі. Күшпен алып кетпес үшін өз аяғымен военкаматқа бару керек, - дейді Сұлтан Қамалетдинов.

Еске салайық, кеше "Көшеде жүрген жастарды әскерге әкету қаншалықты заңды?" деген сұраққа Қорғаныс министрінің тағы бір орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы